Салада серпін бар

2020 жылы Тараз қаласында «Қаратау» м/а кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының (1 кіші футбол, 1 стрит воркаут) құрылысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің елім» бағдарламасы бойынша салынды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2020 жылы Тараз қаласында 9 кіші футбол алаңшасының салынуы жоспарланып, қазіргі таңда оның ішінде 4 кіші футбол алаңшалары («Құмшағал», «Шалғай Қарасу», «Барысхан», «Қызыл-абад» алқаптары) салынып бітті.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен №25 орта мектебінің ауласында, №14 орта мектептің ауласында, «Шалғай Қарасу» алқабында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Ұлан» стадионы және «Орталық теннис кортына» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тараз қаласында орналасқан №45, 42, 41, 11, 7 орта білім беру мектептерінде жергілікті бюджеттен жасанды төсеніші бар, қоршауымен кіші футбол алаңшалары салу үшін қаражат бөлінген болатын. Қазіргі уақытта №45, 42, 41, 11 мектептерінде кіші футбол алаңшаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, №7 мектеп-гимназиясындағы кіші футбол алаңшасының құрылыс жұмыстары 90% аяқталды.

Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment