Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер орын алды.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші», – деп атап өткен болатын. Осыған байланысты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылуда.
Бүгінде мемлекеттік қызмет тізілімінің 742 атауы бар, оның ішінде 531-і немесе 70 пайызы электронды форматта. Бұл жұмыстардың барлығы бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілерді жою үшін қолға алынған. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы – электронды үкімет порталы. Яғни egov.kz сайты арқылы қазіргі таңда интернет жүйесімен үйден немесе жұмыс орындарынан азаматтар керекті анықтамаларын ала алады. Бұл, біріншіден, сыбайлас жемқорлықтың, екіншіден, халықтың ең қымбат әрі қайта келмес уақытын үнемдейді. Үйлерінде компьютерлері, жұмыстарында интернеттері жоқ азаматтар үшін телефон арқылы алуға мүмкіндіктер жасалған. Ол үшін телефоныңызға m-gov немесе Тelegram қосымшасын жазып алып және әр азаматтың ЖСН нөмірі мен телефон нөмірі ХҚО-н МБГ тіркеуден өтуі тиіс. Содан кейін m-gov арқылы әр азамат 65 қызмет түрін және Тelegram арқылы 25 қызмет түрін ала алады. Қазіргі таңда Тараз қаласында Қойгелді көшесінде орналасқан ХҚО Тараз қалалық №1 бөлімінде Цифрлық қызметтер орталығы жұмыс істеуде. Сонда қаламыздың тұрғындары мен қонақтары өздерінің цифрлық білімін арттыру мақсатында келіп, сабақ алуға болады.
«Халыққа қызмет – абыройлы міндет» деп ерік-жігерлері мол, халық үшін жұмыс жасауды міндет еткен ұжымның бірі – Жамбыл облысындағы филиалдың №1 Тараз қалалық бөлімі. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бері мекемеге Елемес Шалхар Дарханұлы басшылық етіп келеді. Бұл ұжымдағы қызметкерлердің көпшілігі – жастар. Олар өз жұмысын қиыншылығы мен қызығы бірге жүретін, жауапкершілігі мол, сапа пен нәтижені талап ететін қызмет деп біледі. Қала көлемінде олар әскери бөлімдер мен оқу орындарына барып, аймақ тұрғындарын цифрлық жаңашылдықтардан хабардар етіп жүр. Біз әріптестерімізге бақыт пен табыс, қызмет алушылардың алғысына бөлене беруін тілейміз.
Нұрдәулет ТҰРДАЛИЕВ,
№1 Тараз қалалық бөлімінің цифрлық қызмет көрсету орталығының тәлімгер-маманы