Сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүруде

Тараз қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүруде. Таңсәріден ағылған жұрт көтеріңкі көңілмен өз таңдауларын жасауда. «Арай-2» ықшамауданындағы №463 сайлау учаскесінде де сайлаушылардың қарасы қалың.

– Сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Партия мен кандидаттардың сенімді өкілдерінің жұмысына барлық жағдай жасалған. Барлығы тіркеуден өтті. Оларға комиссияның ішкі ережесі толықтай таныстырылды. Жәшіктердің барлығына солардың көзінше пломба салынды.

Жалпы сайлау учаскесі бойынша  2 326 адам дауыс беруі тиіс болса, алғашқы бір сағаттың өзінде 25 адам дауыс беріп үлгерді.

Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі, – дейді №463 сайлау учаскесінің төрағасы Қанатбек Мұраталиев.

Бұдан бөлек, №464 және 506-шы сайлау учаскелерінде де дауыс беру ережеге сай жүргізілуде. Мұнда да таңсәріден ағылған халықтың саны көп. Барлығы өздерінің таңдауларын еркін жасап, еш кедергісіз дауыс беруде. Партия мен кандидаттардың да өкілдері дауыс беру жүйелі өтіп жатқандарын айтуда.

 

Comments (0)
Add Comment