Кеше құрылыс базарында болдым. Шыны керек көбісі алда не боларын білмей отыр. Қолдарындағы тауарлары бітуде. Бізде көп заттар Ресейден импортталатын. Жәй терезенің пластигінің көбісі Германияның, Австрияның технологиясы десе де заводтары Ресейде болатын. Олар кетіп қалды.
Ресейден кетпеген заводтардың көбісінің шикізаты Оңтүстік Корея, Америка, еуропадан келетін. Әзірге складтарындағы тауарларын сатып жатыр. Бірақ цеп үзілді. Заводтары тоқтауда. Не болары белгісіз. 1991-дегі кризис не үшін басталды? КСРО өз ішінде өз өзімен тауар өндіріп отырды. Сырттан ешқандай ел инвестиция салмады. 91-де ашылған еді. КСРО-ның шығарған өнімдері шетелдің өнімдерімен бәсекелесе алмай қалды. Нәтижесінде барлық завод фабрикалары жабылды. Ресей қайтадан сол КСРО-ның жолын қуып жатыр.
КСРО-ның кезінде 1 сом 0.9 доллар болды. Типа сом доллардан қымбат. Бірақ адамдарға доллар сатылмады. Тек экспортқа ғана рұқсат етілді. Қазір Ресей соны қайталауда. Доллар жәй адамдарға сатылмайды. Сыртқа шығарылмайды. Ресейдің миллиардері 1 миллиард долларын алып кетуі үшін 8000 жыл өмір сүру керек. Дәл қазір Ресей мына темппен рубльді 60-қа түсіріп тастауы да мүмкін. Ондай кезде теңге де күшіне мінеді. 1 доллар 360-380 теңге болуы мүмкін. Әлде керісінше доллар 110-120 рубль болса да таң қалмаймыз. Ошым доллардың құнын нарық емес Центр банк белгілейді.
Қазір Ресейдің шетелдегі активтары бұғатталды. Бұл тек мемлекет емес жәй адамдарына да қатысты. Сырттағы қымбат вилла, яхталарын алып қойды. Бұл нәрсе көп елге сабақ болды деп ойлаймын. Әсіресе біздің жоғарыдағы шенеуіктерге. Олардың көбісінің балалары қазақша тұрмақ орысша да білмейді. Пәлен жылдан бері Лондонда, Сингапурда, Дубайда тұратын. Мұндағы халықтың аузынан жырып, шетелге тасыған дүниеңді басқалар иемденіп алуы мүмкін екен. Параны доллармен алсаңдар да, ақшаларыңды осында тығыңдар құрметсіз жемқорлар.