«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалы өкілдері «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ қызметкерлеріне ұзақ мерзімге демалысқа шыққан кезде МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу тәртібі бойынша түсіндірді.
Қор өкілдері облыс аумағында орналасқан ірі кәсіпорындарда жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жамбыл облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының мамандары «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ қызметкерлеріне ұзақ мерзімді демалысқа шыққан кездегі медициналық сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қор мамандары жұмыс беруші міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін екі айға бөліп, ақпараттық жүйеге дұрыс енгізуі қажеттігін баяндады.
Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөлуі тиіс. Мысалы, сіз наурыз және сәуір айларында демалыста болды делік. Бұл жағдайда есепші төлемдерді бір сомада емес, екі түрлі кезеңге (наурыз және сәуір) есептеуі керек.
Сонымен қатар, кездесуде МӘМС жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.