Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

Раманкулова Дина Аятовна
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ол 1973 жылы 20 қыркүйекте Түркістан облысы Түркістан қаласында туған.

2003 жылы – Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін «экономика және менежмент», 2006 жылы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «сәулетші» және 2019 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқық» мамандыы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Тамила» ЖШС есепшісі болып бастаған.
2000 – 2004 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Тараз сәулеті» МКК операторы;
2006 – 2018 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Тараз сәулеті» МКК инженері;
2018 – 2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде статист;
2020 – 2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас жоспар және қала құрылысы кадастры секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Қала әкімінің 2024 жылғы 29 мамырдағы №184-ж/қ өкіміне сәйкес, қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment