Абдешов Арман Ашимбекұлы Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Арман Ашимбекұлы 1984 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «жарнама дизайны» және 2019 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «сәулет» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы Шымкент қаласында «Сым-Тас проект» ЖШС-нің 1-ші санаттағы инженері болып бастаған.
2008-2009 жылдары – «Сым-Тас проект» ЖШС-нің техникалық директоры, 2009-2010 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының инструкторы, 2010-2011 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, 2011-2014 жылдары – аталған басқарманың сәулеттік бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылда- ры – Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, 2016-2017 жылдары – «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» ЖШС-нің өндірістік бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік бюросының директоры, 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып еңбек еткен.