Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?

Ислам діні парыз саналатын оразаны қандай қиын жағдайда да қалдырмауды бұйырады деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянып, бірер нәрсе жеп-ішіп, оразаны ниет етемін десе, ниеті де, сол күні ұстайтын оразасы да дұрыс болмайтынын айтты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни, жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етуі керек. Тіпті түске дейін ниет етуге болады.

«Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни, жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етеді. Тал түске дейін ниет етуге болады», – деп жазылған басқарма сайтында.

Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянған кезде ешнәрсе жемей, ішпей ораза ұстауды ниет етеді. Әрі қарай оразасын ұстауы міндет болады, – деп қосты басқармадағылар.

Comments (0)
Add Comment