СҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам орманнан табылды

Солтүстік Қазақстан облысының Димитровка ауылында жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ер адам бірнеше күн бойы орманда өмір сүрген. Жоғалған ауыл тұрғынын іздеу туралы өтініш Тайынша ауданының полиция бөліміне 30 қыркүйекте түскен. Жоғалған адамның анасы ұлының 29 қыркүйек күні кешке ВАЗ-21120 көлігімен белгісіз бағытта кеткенін мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлерінің, жергілікті тұрғындардың және еріктілердің қарқынды іздестіру жұмыстары нәтиже берді. Жергілікті тұрғындардың бірі полицияға Тарангул мен Иверск арасындағы жолда қараусыз қалған ВАЗ көлігін көргенін айтты. Бұл көлік хабарсыз кеткен ер адамға тиесілі болып шықты. Нәтижесінде ер адам орманнан аман-есен табылды. Ер адам 29 қыркүйек пен 2 қазан арасында орманда өмір сүрген”, – деді криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов.

Ер адам отбасына қайтарылды.

Comments (0)
Add Comment