СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер салытымға шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысында айыппұл тұрағындағы көліктер сатылып жатыр. Өйткені Петропавл мамандандырылған айыппұл тұрағы автомобильдерге лық толғандықтан, басқа көліктерді қоятын орын жоқ. Ал сатылымға шығарылған машиналар он жылдан артық тұрып қалған ескі көліктер, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл тұраққа елге заңсыз кіргізілген, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тәркіленген көліктер жеткізіледі. Тұрақтағы автокөліктер арасында тіпті 10-15 бес жылдан бері қозғалмай тұрғандары да бар. Ескі көліктердің көптігінен тұрақта орын қалмаған. Сондықтан әкімдік темір тұлпарларды сатылымға шығармақ.

«Тұрақта 341 машина тұр. Соның ішінде екі-үшеуі он жылдан артық тұр. Солар болуы мүмкін», – деді айып тұрағының күзетшісі Нұрлыбек Қуандықов.

Аукцион арқылы әуелі иесіз жоқ көліктер сатылымға шығарылмақ. Қазір сондай үш жеңіл автокөлік бар. Олардың бірі 1992 жылғы «Audi» маркалы көлік болса, қалған екеуі 28 жыл бұрын шығарылған «Volkswagen» машиналары. Бұл көліктер контрабандалық жолмен шекара асырмақ болғандардан тәркіленген. Содан бері иесі табылмай қысы-жазы ашық аспан астында қаңтарылып, әбден ескірген.

«Айып тұрағындағы тек иесі жоқ көліктер сатылады. Әрбіріне 500 мың теңге бастапқы баға қойдық. Әрине, жағдайы жақсы деп айта алмаймыз. Бірақ қосалқы бөлшек ретінде де қолдануға болады», – дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Жанболат Батырбеков.

Әкімдіктегілер бұдан кейін тағы алты көліктің құжаттарын рәсімдеп, сатуға қоймақ. Осылайша ешкімге керексіз көліктерді сатып, бюджетке табыс түсірмек. Оның үстіне жүк тасымалдау ережелерін бұзған жүк көліктерін қоятын жер жоқ. Көлік бақылау инспекциясы мамандары айып тұрақта орын болмағандықтан ауыр техниканы күндіз-түні өзіміз күзетуге мәжбүрміз дейді.

«Ұсталған машиналарды біздер көп жағдайда бақылап қадағалап қасында тұрамыз. Ол жұмысқа бізге кедергі туғызып отыр. Біздің басқа жұмысымыз бар. Жолдарды қадағалауымыз керек», – деп мәлімдеді СҚО көлік бақылау инспекциясының басшысы

Инспекция өкілдері енді полиция және экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, иесіз жатқан көліктерді анықтай бастаймыз дейді. Кейін оларды да аукцион арқылы сатылымға шығару жоспарланып отыр.

Comments (0)
Add Comment