Сәні мен салтанаты келіскен «Үшбұлақ» жағалауы

Көне Тараздың келбетіне сән беріп, көздің жауын алатын көрікті нысандар баршылық. Соның бірі – «Үшбұлақ» жағалауы. 2018 жылы жаңаша кейіпке енген жағалау бүгінде шаһар тұрғындарының сейілдейтін тамаша орнына айналған.

Көп жыл бойы маңайы күл-қоқысқа толып, қараусыз қалған жағалау бүгінде адам танымас- тай өзгерген. Мұнда жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жалпы 6,5 гектар жер абаттандырылып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал мұндағы көпірдің ұзындығы 72 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Сонымен қатар бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге дейін кеңейді. Ал мұнда келіп демалушылар үшін 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп – барлығы 3000-ға жуық балық жіберілген. Аталған жағалауда каналға шығатын 3 пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар мен суда жүзуге арналған катамарандар қойылған. Ал арнаның бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Comments (0)
Add Comment