Қалада пайда болған жасанды қызғалдақтар – шаһар аумағында 10 күн бойы тойланатын Әз-Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар орынын безендірудің бір бөлігі ғана.
Жалпы, ұлттық мереке қарсаңында шаһарымызда 40-тан аса іс-шара жоспарланса, оның негізгілері орталық «Достық» алаңы мен Қ.Рысқұлбеков саябағында өткізу жоспарланған.
Бұл қызғалдақтар, сол аумақты безендіру жұмыстарының бастамасы. Жақын күндері ұлттық нақыштағы ою-өрнектер орнатылып, киіз үйлер тігіліп дайындық жұмыстары қызу басталады.
Сонымен қатар Тараз халқы биылғы Ұлттық мерекені ерекше атап өтпек. 21наурыз 11.00-де негізгі іс-шара ұйымдастырылса, сол күні кешкі сағат 19.00-де орталық алаңда гала-концерт өтеді.
Ал сәндік гүлдердің 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай орнатылудағы негізгі мақсаты – нәзік жанды аруларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.
Бұл гүлдер Наурыз мерекесінен кейін қайта жинап алынады. Оның орнына қаланы көркейтуге арналған жазғы гүлдер егіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.