Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай, өскелең ұрпақты кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру мақсатында «Сәнді ойын сауықтан – саналы сауат ашуға» book party өткізілді.
Іс-шарада Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Е.Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» және шетел жазушыларының «Гарри Поттер», «Мұз Ханшайымы» шығармаларының кейіпкерлері 3Д форматтағы образдарды сомдады.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері «Қошқар мен Теке», «Шалқан» ертегілерінен үзінділер қойып, оқырмандармен «Әріптер сөйлейді», «Кім күшті?» ойындарын ойнады.