Сәкен Арубаев Шу ауданының әкімі болып тағайындалды

ҚР Әкімшілігінің келісіммен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Шу ауданы әкімі қызметіне Сакен Қаланұлы Арубаев тағайындалды. Сәкен Қаланұлы Шу ауданының тумасы.

Сакен Арубаев М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 1998 жылы «жерге орналастыру инженері»,  2006 жылы «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген
Сакен Қаланұлы Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығында инженер жерге орналастырушы  болып бастаған.

1999-2003 жылдары Жамбыл облыстық жер инспекциясының бас маманы, 2003-2004 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары,  2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2013 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің   жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2019 жылдың 29 қарашасынан — 17.02.2022  Жамбыл ауданының  әкімі.

Comments (0)
Add Comment