Сүйіктісіне ұсынысты ерекше жасаған тараздықтың видеосы пайда болды

Әлеуметтік желілерде сүйіктісіне ұсыныс жасаған тараздықтың видеосы тарап жатыр.
Кадрларға қарағанда, видео М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне қарама-қарсы маңда түсірілген. Сүйіктісін таңдандыру үшін ер адам нағыз отты шоу ұйымдастырды.
Ол «Выходи за меня» деп жазып қойған, әріптер лапылдап жанып жатыр. Сондай-ақ, жігіт гүл жапырақтарынан жүрек жасаған.
Қыздың ұсынысты қабылдауға келіскен-келіспегені белгісіз.
Comments (0)
Add Comment