Бүгін Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен алғашқы аппараттық кеңесте күн тәртібіндегі аудандағы эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстары және наурыз айында өтетін мерекелік іс-шаралар кеңінен талқыланды.
Тиісті сала басшыларының баяндамасын мұқият тыңдаған Сәкен Қаланұлы коронавирус індетін алдын алу жұмыстарына екпін беру қажеттігін алға тартты.
– Отбасымызда жақын жандар бар. Олардың денсаулығына барлығымыз жауаптымыз. Тұрғындарға дерттің талаптарын түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстарды күшейтумен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін кеңінен насихаттауды ауылдық округ әкімдері жеке бақылауына алу керек.
Әлемге жайлаған індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы – екпе. Вакцина ектірудің тиімділігі де назардан тыс қалмауы қажет
Әз-Наурыз айындағы мерекелік іс-шара кезінде сақтық шараларын назарда ұстауды қадағалаңдар.
Мерекелік шараларда көрсетілетін көмектер негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталуы қажет, – деді Сәкен Қаланұлы.
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі