Құрылыс басында болған төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Алматы облысында құрылыстағы жұмысшылар арасында жанжал болды. Олар ішімдік ішкен, өкініштісі сол, оқиға адам өлімімен аяқталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл ауданының Айдарлы ауылында болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  Полицияға 32 жастағы азаматтың пышақ жарақатымен ауруханаға түскені жөнінде хабарлама түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер 37 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын ұстады.

«Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші екеуі бірігіп ішімдік ішкен, артынан екеуінің арасында жанжал туындап, ол бөтелкелесінің ішіне пышақ жарақатын салған. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленді», – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

32 жастағы жәбірленуші алған жарақатынан 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Comments (0)
Add Comment