Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан бас тартты деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚТФ вице-президенті Юрий Польский Матч ТВ-ға берген сұхбатында айтты.

 «Біз Еленаны қаржылай ынталандырғымыз келген, бірақ ол бас тартты. Оның үстіне ол жүлдесінің бір бөлігін Қазақстанда юниорларды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсағысы келеді», – деді Польский.

Еске салсақ, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде тарихи жеңіске жеткен болатын.

Comments (0)
Add Comment