Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 131-орында тұрған франциялық Клара Бюрельмен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін кездеспеген. Бірінші кезеңде франциялық спортшы басым түсті – 6:4. Клара екінші сетте бірден 2:0 есебімен алға шықты. Кейін сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:4.
Осылайша, Е.Рыбакина бәсекенің фавориті болғанына қарамастан, күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді.
Сағат жарымға созылған матчта Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Франциялық спортшы 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды.