Pухани келісім – бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың және халықтың бірлігін нығайтудың бірден-бір жолы. Біз ынтымағы мен татулығы жарасқан берекелі мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің қоғам әрқашан татулық пен бірлік деген кезде жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілігін сақтап, бір-бірі үшін қолынан келгенін жасап, татулықта өмір сүріп жатыр. Қазіргі әлемде дінаралық татулықты сақтау – ең өзекті мәселелердің бірі.
Қазақта «Oтаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің – жүрегі бір» деген даналық сөз бар. Ішкі caяси тұрақтылықты әртарапты қоғамдық құбылыс ретінде тануға болады және оған экономикалық, әлеуметтік, діни, этникалық, тілдік сынды тағы да басқа бірқатар факторлар әсер етеді.
Дінаралық келісім мен татулық – қазақ қоғамындағы маңызды және ерекше жетістіктердің бірі. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында 2003 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келеді. Түрлі ұлттар мен конфессия өкілдерінің өзара татулығы қазіргі Қазақстанның бөлінбейтін бірлігі мен келісімінің негізі болып отыр. Қазіргі уақытта елімізде 18 діни конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Дінаралық достықты, келісім мен татулықты сақтау үшін ел болып жұмылып, тұрақты әрі сенімді тынымсыз еңбек атқарылуы қажет. Сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдері қуатты әрі мықты күшке ие бола алады.
Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында қоғамды біріктірудің жоғарғы үлгісін көрсетіп отыр. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын.
Біз – дос боламын деген aдамға құшағын айқара ашқан кеңпейіл халықпыз. Қазақстан халықаралық сарапшылар мойындаған ұлттар мен нанымдар арасындағы үйлесімділіктің ерекше моделін жасады. Eліміздің дана басшылары әрдайым бірлік пен ынтымақтастыққа үлкен мән берген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Тұрақтылық пен ынтымақ – жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін күнделікті үлкен жұмыс. Ұлыс пен ұлтына қарамастан, әр қазақстандық оны көздің қарашығындай сақтауы керек. Біздің Отанымыздың, әр қазақстандықтың бай-қуаттылығы, болашағы осыған тікелей байланысты», – деп атап өткен болатын.
Рухани келісім – біздің ұлтымызға тән үлкенді cыйлау, oтбасыға құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлық, татулық, достық, aуызбіршілік тәрізді ізгі oртақ құндылықтармен сабақтасады. Халықтардың татулығы мен бірлігі eліміздің гүлденуі мен өркендеуіне ықпал eтеді. Сонымен бірге барша қазақстандықтар қоғамның рухани келісіміне үлес қосып, eң қымбат байлығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық мәртебемізді көтеруге ұмтылуы тиіс. Бұл байлықты бағалай білу және оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Ұлана СЛАМБЕКОВА,
Тараз қаласы әкімдігі
ішкі саясат бөлімінің басшысы