Өрттен келер қауіп көп

Өрт қауіпті кезеңде адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді мүлтіксіз сақтау қажет:
– тұрғын үйге және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;
– тұрғын үй құрылыстары аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;
– тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;
– орманға шығуды шектеңіз, ашық отты пайдаланбаңыз, сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтырмаңыз;
– құрғақ шөп пен былтырғы жапырақтарды арнайы бөлінген жерлерде және мұқият бақылауда өртеңіз;
– сөндірілмеген от қалдырмаңыз. Оны мұқият сумен немесе құммен сөндіріңіз.
Өрт туындаған жағдайда «101», «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Comments (0)
Add Comment