Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.
«Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілу үстінде. Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.