Өрт оқиғасына дайындық пысықталды

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округінде орналасқан №91678 әскери бөлімінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтауды мақсат еткен шара өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен әскери бөлім қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіруге бағытталды.

Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімнің асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтиже сінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әскери бөлім қызметкерлері ғимараттан 40 адамды қауіпсіз орынға көшірді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 2 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, аталған әскери бөлімінің медицина қызметіне тапсырды.

Жалпы өрт-тактикалық оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік негізгі, 1 бірлік арнайы техникалары, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесі мен Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ тиісті нұсқаулар айтылып, шара жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

Мұратхан ӘЛІМХАН

Comments (0)
Add Comment