Өрт қауіпті маусымы кезінде тұрғын үй секторын аралау

Жылыту құралдарын пайдалану кезінде табиғи және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және тұрмыстық өрттерді болдырмау мақсатында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «КазТрансАймақ» АҚ ЖПФ мамандарымен және волонтерларымен бірлесе отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздік сенбілік күні өткізілді.

Рейдтер барысында тұрғын үй секторындағы 1567-ден астам үй араланып, 3946-дан астам азаматқа нұсқамалар жүргізіліп, 4000-нан астам ескерту сипатындағы жадынамалар таратылды.

Рейд жүргізу барысында үй иелеріне электр желілерін пайдалануға байланысты бұзушылықтардың қаншалықты қауіпті екенін, статистиканы, сондай-ақ тұншықтырғыш және табиғи газбен уланудың алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын келтірді.

Өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының негізгі себептері туралы қайталап шаршамаймыз: бұл жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы газ құралдары мен қолдан жасалған электрлі жылыту құралдарын пайдалану, сонымен қатар отпен абайсыз болу.

Тараз қаласының ТЖБ жылыту маусымы кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін кезекті рет еске салады:
– бұзылған электр құралдарын қолданбаңыз;
– оқшаулануы бұзылған электр сымдарын қолданбаңыз;
– бір уақытта желіге екі және одан да көп электр құралдарын (шамдар, плиталар, үтіктер және т.б.) қосуға болмайды;
– газ және су құбырларында, жылыту жүйесінің батареяларында сымдарды бекітіп қоюға болмайды;
– есік табалдырығына, кілемдер астына ұзартқыштың кабельдерін салуға болмайды.

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Comments (0)
Add Comment