Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы, әлем чемпионы Роналду Луис Назариу ди Лима Катардағы чемпионаттың басты фаворитін атады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осы жарыстағы әр ойын сайын Франция алтынға үміткер екендігін дәлелдеп келеді. Менің ойымша, дәл осы ұжым әлем біріншілігінің басты фавориті саналады. Олардың шабуылы да, қорғанысы да мықты. Мбаппе әлемнің үздік футболшысы атануы мүмкін. Кезінде доп тепкен өзіме ұқсатам. Өз потенциалын қалай пайдалану керектігін жақсы біледі. Әріптестеріне де жақсы пастар бере алады», – деді ол.