Криштиану Роналду Португалия мен Ирландия арасындағы ӘЧ іріктеу матчінде пенальти орындар алдында қонақтар командасының ойыншысын шапалақпен тартып жіберді, – деп хабарлайды Euro-Football.ru.
Арбитр кездесу барысында Ирландия қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеген. Екіұшты эпизод болған, алайда қайталауды көрген рефери шешімін өзгертпеді.
Допты нүктеге қойған сәтте Лара О’Ши оны теуіп кеткен. Осы кезде Криштиану Роналду қарсыласын бұл әрекетіне ызаланып, шапалақпен тартып жіберді. Бірақ бұл жағдайға төреші назар аудармады.
Криштиану Роналду гол соға алмады. Португалиялық ойыншы сол жақ бұрышқа бағыттаған допты қақпашы қағып жіберді.
Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймның қосымша минуттарында Джон Иган Ирландия құрамасын алға шығарған. Ал Криштиану Роналду екі гол соғып, Португалияға жеңіс сыйлады. Осылайша ол құрама сапында ең көп гол соққан ойыншы ретінде рекорд жаңартты. Португал 89 және екінші таймға қосылған уақыттың 6-минуттарында көзге түсті.