Роман Скляр алғашқы жарна төлемей-ақ, көлік сатып алуға болатынын айтты

Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдік жасалатынын айтты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алым проблемасы, жаңа көлік тапшылығы, жеңілдікпен несиеге көлік алу мәселесіне қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Роман Склярдың айтуынша, қоғамда жаңа көлік тапшылығы, отандық машина жасау өндірісіне қатысты талас-тартыс өте көп.

«Бұдан былай көлік сатып алу үшін алғашқы жарна төлемей, 7 жылға 4 процентпен несие беріледі. Осы мақсатқа «Жасыл даму» компаниясы 100 миллиард теңге бөледі», – деді Роман Скляр.

Ол бұған дейін автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 процентке төмендетілгенін айтқан болатын.

Comments (0)
Add Comment