Сіздерді 2021 жылдың 9 қазан күні «Қала күніне» орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!
— сағат 9.00-де«Grand Bazaar» сауда орталығында төмендетілген бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі;
— сағат 12.00-де «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Туған жерім – дархан далам!» атты Байзақ ауданының Тараздағы күні аясында көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, спорттық ойындар, қолөнер шеберлерінің көрмесі;
— сағат 14.00-де Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде жастар арасында сұлулық «Beauty»байқауы;
— 19.00-де «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Сүйікті қалам – Тараз!» атты мәдени көпшілік іс-шара.
Келіңіздер, көріңіздер!
Тараз қаласының әкімдігі