«Қала күні» мерекесіне орай Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, аналардан қалған аманат, асыл мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастар арасында насихаттау мақсатында «КөрпеFest» атты байқауы өткізіледі.
Қатысушылар өтінімдерін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48 мекенжайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің № 1 кабинетінде қабылданады және ovp_taraz@mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 8 (7262) 54-69-90, 8 708 675 52 78 (Гүлнұр Ешкібаева).
«КөрпеFest» байқауының ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
Ұйымдастырушы: Тараз қаласының әкімдігі, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі
Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, аналардан қалған аманат, асыл мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу, күнделікті қолданысқа енгізіп, тұрмыста қолдана білуге тарту, дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған көрпе жасау өнері мен технологиясын жастар арасында насихаттау.
2. Байқаудың талаптары мен шарттары
1. 35 жасқа дейінгі тек Тараз қаласының тұрғыны қатыса алады.
2. Қатысушылар 1 топтаманы (4 көрпеше өлшемі 2,20/80, 4 жастық көлемі 65/65) өздері дайындап, ұсыну қажет.
3.Қатысушылар өтінімдерін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 48 мекенжайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің № 1 кабинетінде қабылданады және ovp_taraz@mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 8 (7262) 54-69-90, 8 708 675 52 78 (Гүлнұр Ешкібаева).
4.Қатысушылар 2023 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 10.00-де дайын бұйымдарын «Туризм және қолөнершілер» орталығындағы «Шебер Шаңырақ» қоғамдық бірлестігіне (Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 18/1, 1 қабат) жеткізулері және сол күні сағат 12.00-де әділқазыларға дайындалған топтама туралы ұлттық киім үлгісінде түсіндіруі (топтаманың атауы, ерекшелігі, тігілу техникасы және т.б.) қажет.
5. Марапаттау рәсімінде барлық қатысушылар ұсынған топтамаларынан көрме қояды («Туризм және қолөнершілер» орталығы (Төле би даңғылы, № 18/1) және ұлттық киім үлгісінде қатысады.
Өтетін күні мен жері: 2023 жылдың 25 қыркүйек күні, сағат 12.00-де «Туризм және қолөнершілер» орталығы (Төле би даңғылы, № 18/1)
3. Марапаттау
Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы бағыттар бойынша қаржылай сыйақымен марапатталады.