Ресейдің Сүргіт қаласында 21 қазанда клиникалық травматологиялық ауруханасында анестезиолог медбике болып жұмыс істейтін Аяжан Ташмағамбетова өз-өзіне қол жұмсады. Жұбайы әйелін суицидке дейін жеткізді деп отыр. Оның күдігін марқұмның достары мен әріптестері растап отыр. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
Қайғылы оқиға 21 қазанда Сургут қаласында болды. Кешке қарай әйелдің жұбайы Радик Ташмағамбетов балабақшадан бес жасар қызын алып келгенде 41 жастағы әйелінің денесін үйден тауып алады. Ол Сургут қаласында № 2 трамвоауруханада жансақтау бөлімінің медбике-анестезисті болып жұмыс істеген.
Марқұмның жұбайы әйелін осындай жағдайға аурухана басшылығы мен оның әріптестері жеткізгеніне сенімді. Себебі соңғы айларда Аяжан Ташмағамбетоваға әкімшілік тарапынан психологиялық қысым көрсетілген. Жұмыста оны кемсітетінін айтып шағымданып жүрген көрінеді.
«Ол шыдай алмай еңбек комиссиясына шағым түсірді. Олар жағдайды қарастыруы керек еді. Алайда жұмыста арызды кім жазғаны анықталып, оған қатысты қудалау басталды. Осыдан соң бір аптадан кейін жұбайым шыдай алмай, жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Бірақ оған екі апта тағы жұмыс істеу керек еді. Ол бір аптасын ғана өтеді. Бұл сұмдық жағдайды қарастыруларыңызды сұраймын, заң бойынша кінәлі жазаласын”, – деді жұбайы Радик Ташмағамбетов.
Марқұмның күйеуі қайғылы оқиға болған күні әйелі қызын балабақшаға, ал оны жұмысқа апарғанын айтты. Кешке алып кетуі керек болған. Алайда артынан келмеген. Күйеуі мазасызданып, балабақшаға қоңырау шалып, анасы қызын алып кетпегенін білген. Ол әріптесінен өзін балабақшаға апарып тастауын сұрап, қызын алып, үйіне келген. Үйде әйелдің мәйітін тапқан.
Белгілі болғандай, қазір тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығады.
Ауруханада медициналық мекеменің бас дәрігері Дмитрий Гарайс түсініктеме беруден бас тартқан, ол жағдайды Денсаулық сақтау департаменті мен тергеу комитетінің тексерістерінен кейін ғана түсіндіретінін айтыпты.