Әріптесінің атынан 3,5 миллион теңге несие рәсімдеген тұрғын ұсталды

Биыл 26 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 55 жастағы қала тұрғыны арызданған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйел өз атына біреудің 3 млн 500 мың теңге несие рәсімдегеніне шағымданған.

Несие жәбірленушінің ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы алынғаны белгілі болды.

Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті жәбірленушінің 22 жастағы әріптесі екені белгілі болды. Оны полицейлер қамауға алды.

Ол жәбірленушінің қараусыз қалдырған ұялы телефонын пайдаланып, кредит рәсімдеген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment