Рим папасы Нұр-Сұлтанға келді

Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ITA Airways әуекомпаниясының AZ4000 рейсі елорда әуежайына сағат 17.18-де қонды.

«Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады», – делінген Ақорда баспасөз қызметі хабарламасында.

Comments (0)
Add Comment