Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды. Әлемнің көптеген елдері аурудың жоғары деңгейімен және вирустың мутациясының жалғасуымен, халықтың қайталап ауруымен байланысты ревакцинация стратегиясын қабылдады.
Вакцинация – бұл белгілі бір ауруға иммунитетті қалыптастыру шарасы, содан кейін ревакцинация – бұл алдыңғы вакцинациядан кейін немесе адам вирустық аурумен ауырғаннан кейін пайда болған ағзаның иммундық реакциясын қолдауға және күшейтуге мүмкіндік беретін қайталанатын екпе.
Ағымдағы жылдың соңына дейін медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті қайта вакцинациялауға жатады.
Өңірде COVID-19-ға қарсы вакциналар 1-турға – 621 895 доза және 2- турға – 583 360 доза жеткізілді. Оның ішінде «Спутник V» 1-ші компонен- ті – 421 795 және 2-ші компоненті – 383 260 доза. «QazVac» – 83 600 адамға 167 200 доза, «CoronaVac» – 17 мың адамға 34 мың доза, «Hayat-Vax» – 60 мың доза 30 мың адамға, «Синофарм Verocell» – 69 500 адамға 139 мың доза бар.
Екпе алған 587 245 адамның 483 326-сы вакцинаның екінші компонентін алды. Облыста ковидке қарсы вакцинаның қалған бөлігі 1- тур – 39 545, 2-тур – 102 034 доза. Облыс бойынша «Pfizer» вакцинасының 1-турымен 445 адам қамтылды (бұл 139 230 адамның 0,3%). Оның ішінде 374 жасөспірім, 33 жүкті және 38 бала емізетін әйел егілді. «Pfizer» вакцинасының 1-турға 20 055 доза және 2-турға 20 475 дозасы қалды (облысқа 20 475 адамға 40 950 доза жеткізілген).
Ағымдағы жылы ревакцинацияға 60 жастан асқан, сондай-ақ зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар жіберіледі. Сәуір айында халықты жаппай алғашқы вакцинациялаудың басталуын ескере отырып, алғашқы вакцинацияны аяқтаған барлық азаматтар екпенің толық курсын аяқтағаннан кейін 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинацияға жатады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, коронавирусты қайта вакцинациялау тактикасы, біріншіден, векторлық (Спутник-V) вакциналармен егілген адамдар белсенді емес «Sinopharm», «CoronaVac», «Hayat-Vax» немесе м-РНҚ Pfizer вакцинасымен 9 айдан кейін қайта вакцинациялауға жатады. Ал белсенді емес «Sinopharm», «CoronaVac», «Hayat-Vax», «QazCovid-in» вакцинасымен егілгендер 6 айдан кейін векторлық (Спутник-V) немесе Pfizer м-РНҚ вакцинацияланады. «Pfizer» вакцинасымен егілген адамдар белсенді емес «Sinopharm», «CoronaVac», «Hayat-Vax», «QazCovid-in» немесе векторлық «Спутник V» екпелермен 6 айдан кейін қайта алады.
Бүгінде Тараз қаласының №2 қалалық емханасында ревакцинация жұмыстары басталып, қазіргі таңда медицина қызметкерлері екпенің ІІІ компонентін алуда.
Ал «Pfizer» вакцинасын Тараз қаласында 224 адам салдырды. Оның 176-сы жасөспірім болса, 24-і жүкті әйелдер.
Зере Қуаныш