22 қараша мен 2 желтоқсан аралығында облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы 489 адам қайта вакцинацияланды. Оның ішінде Тараз қаласынан 286 тұрғын екпе алды.
Аудандарда 203 адам болса, Байзақтан – 51, Жамбылдан – 50, Жуалыдан – 15, Таластан – 15, Т.Рысқұлов ауданынан – 51, Меркіден – 4 және Шу қаласынан 12 адам егіліп отыр.
Қайта вакциналанғандардың кәсіби құрамы бойынша медицина қызметкерлері – 244 (48,3%), мемлекеттік қызметкерлер – 1 (0,2%), созылмалы аурулары бар адамдар – 5 (1,0%), басқалары – 236 (48,3%), өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері – 2 (0,4%) және студенттер – 1 (0,2%).
Ревакцинация жұмыстары қарқынды жалғасуда.