Республикалық пәндік олимпиадада Дулати студенттері үздіктер қатарынан көрінді

Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада үздіктер қатарынан көрінген жүлдегерлерді қабылдады. Кәсіби шеберлік сынға түскен бәсекеде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының студенттері «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алған болатын.

Мұхтар Қазбекұлы университет намысын қорғап, жақсы жетістіктермен оралған студенттерге алғыс білдірді. Жастардан жарыстың қалай өткенін сұрап, емен-жарқын әңгімелесті.

Студенттер жекелеген бәсекелерде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы», «Актер шеберлігі», «Режиссура» пәндері бойынша жамбылдық өнерлі жастар 3 екінші орын, 3 үшінші орынды олжалады. Ал «Жеке ән салу» пәні бойынша 2 үміткеріміз үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Дулати жастары пәндік олимпиададан жақсы нәтижемен оралды. Жалпыкомандалық есепте Дулати университеті 3-орынды жеңіп алғанын айта кету керек.

 

Comments (0)
Add Comment