Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесі қайтарылады

Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

  • 25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;
  • 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Еске салайық, бұған дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Comments (0)
Add Comment