Ресейлік БАҚ Украинаның жағына шықты

Ресейде халық соғысқа қарсы алаңға шығып жатқанда, осы елдің бұқаралық ақпарат құралдары да өкіметті айыптап, мақалалар жариялап жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Новая газета» газетінің соңғы номері маңызды деген материалдарын орыс және украин тілдерінде жариялады (суретте – ред.). Онда «Ресей Украинаны бомбалап жатыр», «Газет редакциясы украин халқын жау санамайды», «Украин тілі біз үшін дұшпанның тілі емес» деген сыңайда мақалалар берілген.

Comments (0)
Add Comment