Ресейден Қазақстанға 1,6 миллион адам келген

Биыл елімізге Ресейдің 1,6 миллион азаматы келген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды Экспресс К

Статистикаға сүйенсек, биыл Қазақстанға 4,3 миллионға жуық шетелдік келген. Оның ішінде 4,1 миллионы қайтып кеткен. Ал Ресей Федерациясынан шекара арқылы 1 660 000 азамат өткен, — дейді Аслан Аталықов.

Министрлік өкіліның айтуынша, олардың әрқайсысының төлқұжат деректері мен кіру күні, басқа да толық ақпараты бар. Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдары келушілердің елде болу ережелерінің сақталуын бақылауда ұстап отыр.

 

Шетелдiктiң елде болу мерзiмi аяқталса, оған қатысты заңда көзделген шаралар қолданылады. Бақылау барысында көші-қон заңнамасын бұзған 45 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 4200-і мәжбүрлі түрде Қазақстаннан шығарылды, — дейді комитет төрағасының міндетін атқарушы.

 

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 3 200 ресейлік жауапқа тартылған. Бұл елге келген Ресей азаматтарының тек 0,2 пайызын құрайды екен.

 

Оны (ережені — ред) бұзған жағдайда Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару, 5 жыл мерзімге елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкцияны қарастырады, — дейді Аслан Аталықов.

Comments (0)
Add Comment