Ресейде тарихи ғимараттан өрт шықты (видео)

Өрт Саратов қаласындағы ескі ғимараттан шыққан. Алапат отты сөндіру үшін 15 өрт сөндіру бөлімшесі жұмылдырылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өрт түгелдей сөндірілді, деп мәлімдеді ТАСС агенттігі. Төрт қабатты ғимарат бұрын қонақ үй болған.

Мәскеу уақытымен сағат түнгі бір шамасында өрттің шығуы туралы хабар келіп түсті. Тарихи ғимараттың төртінші қабаты түгелдей отқа оранды. Өрт 2,4 мың шаршы метр аумақты қамтыды,

—деп мәлімдеді облыстық ТЖМ+нің баспасөз қызметі.

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 19 техника мен 110 өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді. Өрт Мәскеу уақытымен сағат 02:00 шамасында өшірілді.

Comments (0)
Add Comment