Ресейде мобилизация аяқталды

Жұмылдыру шараларын тоқтату үшін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің жарлығы қажет емес. Бұл туралы бүгін Кремль өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл туралы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық басқармасының қорытындысы бар. Тиісінше, нүкте қойылады. Ішінара жұмылдыру аяқталды. Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттарға кез-келген шақыру қағаздарын одан әрі жібермеу туралы жеделхаттар жіберді», – деді ол.

Песков Путиннің ішінара жұмылдыру туралы жарлығы орындалғанын айтты. Ескі жарлық бойынша жаңа шақыру толқыны болмайды.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара жұмылдыру басталатыны туралы жарияланған еді.

Comments (0)
Add Comment