Ресей мұсылмандары бойкот жариялады: Жайнамаз бен құрбандықты келеке етті (ВИДЕО)

Ресей мұсылмандары «Анамның пингвиндері» телехикаясындағы жайнамаз бен құрбандық шалуға қатысты діни жоралғыларды келеке еткені үшін МТС ұялы байланыс операторына бойкот жариялады. Бұл туралы видеолар мен жазбаларды әртүрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден, сондай-ақ YouTube желісінен табуға болады.

Режиссер Борис Хлебниковтың ұлы Макар сомдаған фильмнің басты кейіпкері стенд-шоуда өнер көрсетіп, ислам дініне қатысты әзіл айтқан. Серияны режиссер Наталья Мещанинова түсірген MTС онлайн кинотеатрында көруге болады. Стенд-ап әзілдерінің авторы – Евгений Сидоров.

«Евгений Сидоров күлкі арқылы осы мазақ кеңістігіне басқа адамдарды тарта отырып, Исламды көпшілік алдында мазақ етеді, ал аудиториядағылар күледі, бұл оларды қызықтырады. Мен мұсылмандар МТС компаниясына қарсы болуы үшін флешмоб бастадым», – дейді The Muslim YouTube арнасының авторы.

Бұған дейін осетин жұртшылығы әзілкеш Ариана Лолаевадан осетин бәліштері туралы әзілдері үшін кешірім сұратқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Comments (0)
Add Comment