Ресей мәйітханасында «тіріліп кеткен» адамның видеосы таралды

24 қаңтарда Тверьдегі мәйітханалардың бірінде түсірілген «тірі мәйіт» туралы видео ресейлік телеграм-арналарда таралды.

Ролик бейнебақылау камераларынан түсірілгендей. Кадрларда үсті жабылған ер адам оны қалай ысырып тастап, көтерілгенін көруге болады. Видеоға жазылған жазбада Тверь мәйітханасында мәйіт таңертең «өмірге келді» делінген.

Кейінірек Тверь облысының Денсаулық сақтау министрлігі бұл бейнені жалған деп атады, бұл қалада жазбадағы бөлмеге ұқсас мәйітханалар жоғын атап өтті.

«Видео – фейк. Тверь мәйітханаларының бірі ретінде түсірілді деп көрсетілген бейнежазбадағы бөлме ондай емес. Тверьде бейнежазбадағыға ұқсас мәйітхана жоқ», – деп түсіндірді РИА Новостиге Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Интернеттегі кинотеатрлардың бірінің баспасөз қызметі «тірі мәйіт» түсірілген үзінді фильмдегі кадрлар екенін мойындады.

«Біз бұл жаңалықта пайда болған видео трейлерден желіге түсірілген кадрлар екенін хабарлағымыз келеді», – делінген «Москва 24» кинотеатрының хабарламасында.

tengrinews.kz

Comments (0)
Add Comment