Ресей азаматы үш баланы қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында Ресей азаматы көлікпен үш баланы қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Instagram-дағы Osa_news_vko парақшасына сілтеме жасап.

Ол Nissan көлігімен дүкеннен шығып, тротуармен кетіп бара жатқан балаларды соғып кеткен. Абырой болғанда, 4, 9 және 15 жастағы балалар қатты жарақат алмаған. Осы оқиғаға байланысты сот болып, Ресей азаматының кінәлі екені дәлелденді.

Соттың шешімімен оған кепілдікке 300 мың теңге айыппұл салынды. Зардап шеккен балалардың ата-аналары соттың шешімімен келіспейтіндерін, өйткені, кінәлі шетелдік азамат елден қашып кетуі мүмкін екенін айтып жатыр. Прокуратура да оны қамауға алу керек еді деп отыр.

Comments (0)
Add Comment