Референдумды қолдау мақсатында 3 мыңға жуық іс-шара өткізілген  

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді облыс тұрғындарына түсіндіру мақсатында құрамында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері және жастар ұйымдарының көшбасшылары мен ғалымдар бар қоғамдық штаб құрылған болатын. Дәл осындай қоғамдық штабтар Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданында жұмысын бастады. Штаб мүшелері облыстағы 371 елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Бұл туралы өңірлік коммнукациялар қызметінің баспасөз  алаңында штабтың төрағасы Амангелді Кәрентаев айтты. Оныңмәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 571 іс-шара өткізіліп, оған 67 630 адам қатысқан. Шаралардың басым көпшілігі яғни 433-і кездесу форматында өткізілсе, 138 іс-шара демалыс күндері мәдени-көпшілік іс-шара форматында ұйымдастырылған.

«Ақпараттық науқан басталғаннан бері 276 205 адам қатысқан 2262 бастамашылық іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы облыстық қоғамдық штаб 2833 іс-шара өткізіп, оған 343 835 адам қатысты. Әлеуметтік желілерде барлығы 39 076 жарияланым орналастырылды. Тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарына көрнекілік құралдары мен ақпараттық тақтайшалар қолданылуда. Облыс бойынша 416 билборд, 338 ақпараттық тақтайшаларға 1 352  плакаттар ілінді», – деді Амангелді Кәрентаев.

Спикердің пайымынша, бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам. Бұл – барлық реформаның елдің пікірі арқылы ғана қолданысқа енетінін білдіреді.

 

 

 

Comments (0)
Add Comment