Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде орналасқан №463 референдум учаскесінде келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы аниматорлардың шоу бағдарламасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында көпшілікке танымал «Том мен Джерри» кейіпкерлері дауыс берушілерге қызықты ойындар мен көңілді көріністер ұсынды.
Мұндай мәдени-ойын-сауық бағдарламасы референдум күні тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, әсіресе балаларымен келген ата-аналарға ерекше қуаныш сыйлауға бағытталған.