Референдумға белсене атсалысқандар марапатталды

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде 5-маусымда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Басқосуға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил қатысты.

Жиын барысында қалалық референдум комиссиясының төрағасы Арын Асқарбеков саяси науқанның қорытындысы жөнінде кеңінен баяндады.

– Республикалық референдумның нәтижесі бойынша жақтап дауыс бергендердің саны қатысқандардың 73,77 пайызын немесе 108 819 адамды құрады. Осылайша,  референдум еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға еліміздің аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдеді, – деді комиссия төрағасы.

Жиын соңында саяси науқанды өткізу және оған әзірлік барысында белсенділік танытқан азаматтарға Орталық және облыстық сайлау комиссияларының және қала әкімінің марапаттары табысталды.

Мұрат Жайнар

Конвергентті журналистика

2-курс студенті

Comments (0)
Add Comment