Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қатысу үшін тараздықтар таңсәріден дауыс беру учаскелеріне ағылды. Облыс орталығында азаматтардың белсенділігі байқалып, бірқатар учаскелерде дауыс беруге келгендер кезекке тұрғаны тіркелді.
Дауыс беру учаскелері арнайы дайындық науқаны аясында толық әзірленіп, таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындап, референдумға белсенді түрде қатысуда.
Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру учаскелеріндегі жалпы ахуал қалыпты. Кезекте тұрған тұрғындардың арасында достық әрі жағымды атмосфера қалыптасқан.