Әрбір мәселе шешімін табады

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Бұл жолы талап-тілегін айтуға 15-ке жуық тұрғын келді. Оның бірі – Анар Бексұлтанова.

Шаһар тұрғыны ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істейтін «Шебер Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы айтты. Сондай-ақ шеберхана салуға жер телімін бөлуді, «Еңбек» және «Жастар практикасы» бағдарламалары шеңберінде мамандар жіберуді өтінді. Тұрғынның талабын тыңдаған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға осы мәселе бойынша , тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қабылдауға жазылғандардың қатарында – Қаншайым Райымбекова да бар. Қызылағаш көшесінде тұратын ол үйіне газ жүргізуге көмек сұрай келіпті. Өз кезегінде Бақытжан Орынбеков жауапты тұлғаларға жұмыс тобын құруды және осы мәселені заң аясында шешуді жүктеді.

Қабылдауда бұдан өзге жолдарды жөндеу, қоғамдық дәретхананы орнату үшін жер телімін бөлу, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу, жұмысқа орналастыру сынды мәселелер көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініші назарға алынып, жолданған сауалдар бойынша хаттама толтырылды.

Бақытжан Әмірбекұлы қабылдауға келген әр азаматтың мәселесін ағымдағы айдың соңына дейін шешуді жауапты мамандарға тапсырды.

Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment