Әрбір күні ерлікке толы

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірден бір алдыңғы қатардағы өрт сөндіру бөлімдерінің бірі ол Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру болып табылады. Аталған өрт сөндіру бөлімінің әрбір от жауынгері өрт сөндіру ісінің үздігі ретінде танылып, түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда көзге түсіп келеді.  Ал аталған өрт сөндіру бөліміндегі өрт сөндіруші-құтқаруышылардың  бастығы қазіргі таңда азаматтық қорғау майоры Асқар Қуанышбекұлы Базарбаев. 

Жалпы  Асқар Базарбаев азаматтық қорғау органдарында 2001 жылдың маусымынан бастап, ал қазіргі атқаратын лауазымында 2017 жылдың маусым айынан бастап қызмет атқарып келеді. Асқардың басшылығымен орын алғкан өрт оқиғаларының біріне тоқталсақ төмендегідей өрбитініне куә боламыз. Ендеше оқиғаға көз жүгіртсек.

2019 жылғы 27 ақпанда 06 сағат 21 минутта Біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасының басқару пультіне Тараз қаласы, «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы (9) № 62 үй мекен-жайында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйде жарылыс орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дабыл белгісі бойынша Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне сәйкес жоғары шақырту бойынша (№2 рангалы) Тараз қаласы № 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры А. Базарбаевтың басшылығымен Тараз қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіледі.

Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіру жетекшісімен № 3 жоғары шақыру жарияланды. Күрделі жағдайды және тәуліктің қараңғы уақытын, сондай-ақ құрылыс нысанының беріктігін ескере отырып А. Базарбаев, бірнеше бағыттар бойынша бар бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктерін сауатты пайдалана отырып бір уақытта келесі жұмыстарды ұйымдастырды: мысалға жану ошақтарын сөндіру, осы үйдің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа толық көшіру, қиранды ішінен зардап шеккендерді іздеу және шығару. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында А. Базарбаев үйіндінің астында қалған адамдардың дауысын естіп, 4 адамнан тұратын іздеу тобын басқарды. Жағдайды бағалап, гидравликалық авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана отырып, үйінділерден зардап шеккендерді сыртқа шығаруға кірісті. Осылайша, білікті және дұрыс жүргізілген  әрекеттердің нәтижесінде апат орын алған үйдің үш тұрғыны құтқарылып, медицина қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды. Одан әрі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Даниловтың нұсқауымен Асқар Базарбаев іздеу операциясын жалғастырды. Біраз уақыттан кейін, үйінді астынан іздеуші топ 3 тұрғынның жансыз денелерін алып шықты.

А. Базарбаев сеніп тапсырылған күштер мен құралдарды сауатты басқаруының арқасында 135 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 3 адам құтқарылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта  Асқар Қуанышбекұлы тек өз ісін сүйетін ұрыстағы офицер ғана емес сонымен бірге тамаша басшы. Иә, басшы мен жеке құрам бір-бірін емеуріннен айтпай түсініп, бірлесе жұмыс атқарса еңбектері жемісті болатындығына шүбә бар ма?! Еңбектерің еселеніп, халықтың алғысына бөлене берулеріңе тілектеспін, от жауынгерлері!

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Comments (0)
Add Comment