Айдар Аскарбек пен Жарқынай Ханайым енді бірге емес. Жұп ұзақ уақыттан бері бір-бірінің инстаграм парақшаларында көрінбей кеткен болатын. Жас жұбайлар жақында ғана қыздарының 1 жасқа толған тойын жақындарымен атап өтті. Тойдан кейін Жарқынай өзінің инстаграм парақшасында Айдармен ажырасқандарын айтып жазба салып, артынан өшірген болатын,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Инстаграмдағы жазбасында «Біз бірге емеспіз. Енді Айдар қайда деп сұрамаңыздар.»Рауза» телесериалына Айланам үшін рахмет айтамын. Осымен өмірімнің осы бір парағы жабылды. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін. Менде барлығы жақсы болатынына сеніңіздер. Себебі мен енді жалғыз емеспін, Айланам бар. Әркім өз таңдауын жасады.»
Естеріңізге сала кетейік, Айдар мен Жарқынай «Рауза» сериалының түсілімінде танысып, жобадан кейін үйленген еді. Айдар Асқарбек Баян Алагөзованың туған жиені, Аша Матайдың туған інісі. Жарқынай Ханайым Баянның жобасы, әнші, актриса.